26.08.2025 ж. Оқушыларға арналған іс-шара "егер ережелер болмаса" ойыны
Қазақстан Республикасының маңызды мерекелерінің бірі — Конституция күніне орай, біздің балабақшада тәрбиеленушілерге арналған танымдық әрі қызықты іс-шара өтті.
«Ережелер болмас не болар еді» атты танымдық ойын балаларға ережелер мен заңдардың адам өміріндегі маңызын түсінуге көмектесті.
Іс-шара барысында балалар тәрбиешілермен бірге ережелер болмаса не болатынын ойлап, заңдар не үшін қажет екенін, тәртіпті кімдер қадағалайтынын талқылады. Сонымен қатар балалар Конституция — бұл еліміздің негізгі заңы екенін, ол барлық азаматтардың, соның ішінде балалардың да құқықтарын қорғайтынын білді.
29 наурыз күні «Арман» бөбекжай-бақшамызда сенбілік болып өтті. Балабақша ауласын жинап ретке келтіру үшін мекеме ұжымы жиналды. Қажетті құрал - саймандарды алып, балабақша қызметкерлері ауланы қуана ретке келтірді.
Шуақты көктемде, асыға күткен Наурыз мерекесі келіп жетті.





Жаңалықтар