11.09.2023 ж. "Тілдер апталығының" ашылуы
«Арман» бөбекжай-бақшасы» МКҚК 11 қыркүйек «Тілдер апталығының» ашылуы болды. Апталықтың алғашқы күнін қазақ тілі педагогы Айнагүл Маратовна «Қазақшаң қалай» тақырыбында балабақша қызметкерлері мен тәрбиеленушілер арасында диалог жүргізді. Тілдер апталығының екінші күні «Ертегіде қонақта» тақырыбында ортаңғы және ересек топ тәрбиешілері топта балалармен ертегіні тыңдап сахналады.
Үстіміздегі жылдың 26-27 шілдесі аралығында Балаларды ерте дамыту институты ұйымдастырған курстар аясында біздің балабақшамызда «Жазғы сауықтыру кезеңіндегі балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Жазғы кезеңдегі оқу- тәрбиелеу процесінің барлық қатысушылары арасында салауатты өмір салтын кең көлемде насихаттау және тәрбиеленушілермен сауықтыру жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында екі күнге созылған бұл іс-шараға облысымыздың барлық аудандарынан 100-ден аса педагогтар, «Балаларды ерте дамыту институтының» және «СҚО әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскерлері қатысты.




Жаңалықтар