Қазақстан Республикасының маңызды мерекелерінің бірі — Конституция күніне орай, біздің балабақшада тәрбиеленушілерге арналған танымдық әрі қызықты іс-шара өтті.
«Ережелер болмас не болар еді» атты танымдық ойын балаларға ережелер мен заңдардың адам өміріндегі маңызын түсінуге көмектесті.
Іс-шара барысында балалар тәрбиешілермен бірге ережелер болмаса не болатынын ойлап, заңдар не үшін қажет екенін, тәртіпті кімдер қадағалайтынын талқылады. Сонымен қатар балалар Конституция — бұл еліміздің негізгі заңы екенін, ол барлық азаматтардың, соның ішінде балалардың да құқықтарын қорғайтынын білді.
Ойын түріндегі тапсырмалар, көңілді сайыстар, шығармашылық көріністер мен топтық жұмыстар арқылы балалар бір-біріне құрметпен қарау, тәртіп сақтау және әділ өмір сүрудің маңыздылығын ұғынды.