30.12.2025 ж. Жаңа жыл 2026
22–30 желтоқсан аралығында балабақшада Жаңа жылдық ертеңгіліктер болып өтті. Жаңа жыл-әр үйде, әр отбасында күтілетін ең сүйікті, мейірімді, ертегі мерекесі. Бірақ ешкім біздің балалар сияқты жаңа жылдық ғажайыпты, сиқырлы өзгерістерді және шытырман оқиғаларды шынымен күтпейді. Сондықтан біздің балабақшада жаңа жылдық ертеңгіліктерді өткізуге ерекше көзқарас бар. Балабақшада қуаныш, күлкі мен ғажайыптарға толы нағыз мерекеге айналған ертегі жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті.
2025 жылдың 21–31 қазан аралығында балабақшада «Алтын күз» мерекесіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Мақсаты – балаларды күз мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру, табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру. Іс-шара барысында балалар күз туралы әндерін шырқап, «Жапырақтармен би» тамаша орындады, күз туралы өлең-тақпақтар айтты. Топ бөлмелері күзгі көрініске сай безендіріліп, балалар қолөнер көрмесіне қатысты. 31 қазанда мерекені кіші топ тәрбиеленушілері аяқтап, өздерінің алғашқы әндері мен билерін ұсынды. Іс-шаралар жоғары деңгейде, көтеріңкі көңіл-күймен өтті.
20–24 қазан аралығында біздің балабақшада Қазақстан Республикасының күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
26.09.2025 ж. Балабақшамызда «Еңбек күніне» орай «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де, талап қыл!» атты мерекелік іс-шара болып өтті.
«Smart games» семинары аясында біздің балабақшада кіші Олимпиада ойындары өтті. Мектепке дейінгі балалар түрлі спорттық эстафеталар мен ойындарға белсене қатысып, шапшаңдық, ептілік және командалық рухтарын дамытты.
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні! Біздің көпұлтты еліміз үшін бұл күннің мәні ерекше. Соның бірі – мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты ояту, сондай-ақ патриотизмді қалыптастыру. Біздің балабақшамызда мерекелік іс-шаралар өтті.




Жаңалықтар